Қ. Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.
Әңгімелесу барысында президент Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қырғызстан президентінің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.