Елге Иран Ислам Республикасының президенті келеді

Бүгін Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді. 

«Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.