Қ. Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік Сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.