Қ. Тоқаев Sumitomo компаниясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісі Шинго Уэноны қабылдады.

Президент еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Өз кезегінде Шинго Уэно «Қаз-атом-өнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында айтып берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған, радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады. Сондай-ақ кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.