Қ. Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Корея президентін туған күнімен құттықтап,  жеделхат жолдады. Қасым-Жомарт Корея Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өткен.

Арадағы ынтымақты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген. Сондай-ақ Ли Чжэ Мёңмен күш-жігер біріктіріп кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады. Президент әріптесінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.