Президент тарихи-мәдени мұраны қорғау Заңына қол қойды

Президент тарихи-мәдени мұраны сақтау және балалардың демалысы саласындағы бақылауды күшейтуге бағытталған Заңға қол қойды. Құжат археологиялық жұмыстарды лицензиялаудың жаңа жүйесін енгізеді.

Сондай-ақ республика бойынша зерттеулерді жүйелеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық база іске қосылады. Ұлттық археологиялық қызметтің өкілеті кеңейтіледі. Енді ол жұмыстарды үйлестіріп қана қоймай, ғылыми сүйемелдеумен айналысады. Ал Қазақстанның түкпір-түкпірінен табылған археологиялық олжалар Ұлттық депозитарийде сақталады. Бұған қоса, кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру ұйымдарын лицензиялау талаптары нақтыланды. Бұл түзетулер балалар демалысының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.