«Turkistan» газетінде Президенттің кең көлемді сұхбаты жарияланады

5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.