Қ. Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдап, ведомствоның былтыр атқарған қызметі туралы есепті тыңдады. Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамыту басымдықтары жөнінде мәлімет берді.
Сондай-ақ Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынды. Цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары да баяндалды. Кездесуде Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.