Бірқатар өңірде көктайғақ болады

Бүгін елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республиканың басым бөлігінде қатты жел тұрады. Екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің болжауынша, Маңғыстау өңірінде аяз күшейіп, сынап бағанасы 27 градусқа дейін төмендейді. Күннің суытуына байланысты елордада бірінші ауысымның мектепке даярлық сыныбы мен 6-сынып оқушылары қашықтан оқиды.