Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеп, еріктілік қоғам үшін аса маңызды құндылық екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, ерікті болу – игі іс жасау, өзгеге үлгі көрсету, Отанға адал қызмет етіп, туған жерге жанашыр болу. Ол форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарды Қазақстанның нағыз отаншыл, белсенді әрі қамқор азаматтары деп бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Халықаралық еріктілер жылы аталып өтіп жатқанын еске салды. Бұл бастаманы өзі БҰҰ-ның 75-сессиясында ұсынып, Қазақстанның ұсынысы әлемдік деңгейде қолдау тапқанын айтты.

Мемлекет басшысы еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп атап, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және ең пайдалы бастамаларды жүзеге асыруға тапсырма беретінін жеткізді. Президент Қазақстанның болашағы белсенді, жігерлі жастардың қолында екенін айтып, барша волонтерлерге алғыс білдірді.