Мемлекет басшысы Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны және тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді. Президент отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.