Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктердің болжауынша, республиканың барлық аумағында жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын жел күшейіп, көктайғақ болады деп хабарлайды 24KZ.
Болжамды кезеңнің басында елдің шығысында, соңында батыста қалың қар күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжанады.