Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты.
Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.