Елдің бірқатар өңірінде аяз күшейеді
Солтүстікке көктем кеш келеді. Ертең Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында 30 градус аяз күтіледі.
Шығыс пен Ақмола және Ақтөбе мен Атырауда да күн күрт суытады. Ал Маңғыстау мен Қарағанды және Қызылордада көктайғақ болады. Сондықтан сақ болыңыздар. Синоптиктердің болжауынша, Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауса, Астанада қатты жел тұрады.