4 өңірде жол жабылды

Күн райына байланысты бірқатар өңірде жол жабық.

Атап айтқанда, арқада Абай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, батыста Ақтөбе, Орал жағында, сосын Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар көлік қозғалысы шектелген. Көп аймақта боран соғып тұр. Кей жолдар бүгін сағат 09:00-де ашылуға тиіс. Құзырлы органдар жүргізушілер жолға шықпас бұрын қажетті ақпаратты 1403 байланыс нөміріне хабарласып, білгені абзал деп ескертеді.