Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» еліміз бойынша 21, 22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, ал елдің оңтүстігінде күндіз найзағай болады. 

Республика бойынша тұман және көктайғақ болжануда. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады. 

Күндізгі ауа температурасы батыс өңірлерде +12…+17°С дейін, Маңғыстау облысында +18…+23°С дейін, солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3…+8°С шамасында, Ұлытауда +15…+20°С дейін, шығыста +5…+15°С, оңтүстікте +20…+25°С, оңтүстік-шығыста +15…+23°С дейін көтеріледі.