Елімізде күн суып, жаңбыр жауады
Бүгін елдің бірқатар өңірінде күн суытып, жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша орталық және солтүстік аймақтарда қатты жел тұрып, кейбір бөліктерінде найзағай ойнайды. Ал оңтүстікте қалың тұман түсіп, нөсер жауады. Синоптиктер күн райына байланысты ескерту жариялап, ел тұрғындарын абай болуға шақырады.