Президент бокстан Азия чемпиондарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев былғары қолғап шеберлері Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Сондай-ақ Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы Әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.