Бұхарада Қ. Тоқаев пен Ш. Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.