Қ. Тоқаев Ирак президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады.
Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.