Елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның алты облысында, соның ішінде Алматы, Атырау және Түркістанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжамынша, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жаууы мүмкін. Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ұлытау облысында жел күшеюі ықтимал. «Қазгидромет» мәліметінше, бұл өңірлерде желдің екпіні бүгін секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы одан да күшейіп, секундына 30 метрге дейін жетуі ықтимал. Қазақстанның басым бөлігінде бүгін жауын-шашын болмайды.