Астанаға Моңғолия президенті мемлекеттік сапармен келеді
Айта кетейік, сәуірдің 22-сі мен 24-і аралығында Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді.
Бұған бірақтар елдің басшылары, сосын 2 мыңдай делегат келеді. Жалпы саммитке 20 мыңдай адам қатысады деген жоспар бар. Осы саммитте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Аралды халықаралық құтқару қорының құрылтайшы - мемлекетер басшыларының кеңес отырысы өтеді. Қонақтардың алды Астанаға бүгін аяқ басады. Бүгін сондай-ақ Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух мемлекеттік сапармен келеді.