Қазақстан мен Моңғолия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Астанадан Ұлан Батырға, Өскеменнен Өлгейге ұшақ қатынамақ.
Екі елді әуе жолымен қайта жалғау үшін Үкіметаралық жұмыс тобы құрылады. Көктен бөлек көлікпен де төте жетіп алу көзделіп отыр. Сондай-ақ Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығы ашылады. Бұның бәрі Президенттердің кеңейтілген құрамдағы кездесуінен мәлім болды. Жалпы тараптардың сауда айналымы да табысты. Былтыр 7,7 пайызға өсіп, 130 млн доллардан асқан. Ал, алдағы асу – ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және цифрландыру салаларында сапалы жұмыс істеу. Тау-кен мен туризмді түлету. Білім беру мен мәдениет мәселесіне де мән берілді. Айта кетейік, елордада қазақ-моңғол бизнес-форумы өтеді.