Мемлекет басшысы ӨЭС аясында Грузия Президентімен кездесті

Астанадағы Өңірлік экологиялық саммит аясында Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді.  

Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жайы мен даму перспективаларын қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді. Бұған қоса Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттырып, бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыру бағытын сөз етті.