Президент Швеция Королін құттықтады
Мемлекет басшысы Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Жеделхатта Король XVI Карл Густавтың парасатты басшылығымен Швеция Еуропада және әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын мемлекет мәртебесін сақтап келе жатқанын атап өтті. Президент қос халық арасындағы достық байланыстар мен өзара түсіністікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Швециямен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім артатынын жеткізді.