Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен парадқа қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге қатысты.
Сондай-ақ Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Іс-шараға қазақ басшысымен қатар Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Лаос Президенттері мен Малайзия Королі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.