Президент білім беруге жасанды интеллектіні енгізу шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. «Жарлыққа сәйкес Үкімет 1 шілдеге дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді», - делінген Ақорда ақпаратында.