Түркия президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 

Түркия көшбасшысын Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің истребительдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.