ТМҰ саммитінің қатысушылары Конгресс-холлға келді
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысушы делегация басшылары Түркістандағы Конгресс-холлға келді.
Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Ресми рәсімнен соң жиынға қатысушы елдердің делегация басшылары бірге суретке түсті.