Кения президентін қарсы алу рәсімі өтті
Бүгін елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президенті Уильям Рутоны Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан соң екі елдің әнұрандары шырқалды. Сапар аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері жан-жақты талқыланбақ. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады.