Бүгін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің күні
Көк туымыз, елтаңба мен әнұран елдіктің, егемендіктің бойтұмары іспетті.
Әр қазақтың жүрегін тербеп, рухын көтеріп тұрған басты символдарымыз. Рәміздер елдің арғы тарихын паш етіп, мәдениетін, рухын бейнелеп тұр. Әлемнің биік мінберлерінен әнұран шырқалса әр қазақтың кеудесінде мақтаныш сезімі туады. Ел көк туы мен елтаңбасын қастерлеп ұстайды. Рәміздеріміздің тұғырда берік әрі биікте тұруы қазақстандықтардың ауызбіршілігін, мемлекеттің біртұтастыытғын айғақтап тұр.