Президент Конституциялық заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы Конституциялық заңдарға қол қойды.
Соның бірі Президенттің құқықтық мәртебесін айқындап, елде Вице-Президент институтын құруға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіріп, Президент айқындаған міндеттерді орындайды. Сондай-ақ Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы заң бекіді. Құрылтай заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. 145 депутаттан тұрады, өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Бұдан бөлек Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Кеңес заңнамалық бастама көтеріп, референдум өткізуді ұсына алады. Оның құрамында тепе-теңдік қағидаты негізінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 адамнан өкілдік етеді. Оларды бұл лауазымға Президент бекітеді. Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мәртебесі туралы заңға да қол қойды. Құжат астананы басқару, инфрақұрылымды дамыту және сәулеттік келбетті сақтау мәселелерін реттейді. Ал әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң өңірлерді құру, тарату, шекараларын белгілеу және атау беру тәртібін белгілейді. Заңның мақсаты мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру.