Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті.
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Қаңтар-сәуір айларында агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы кезең көрсеткішімен салыстырғанда 36 пайызға артық. Жыл соңына қарай экспорт көлемін 7,2 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарланған. Саладағы негізгі капиталға 2,2 трлн теңге инвестиция салынады. Мемлекет басшысы саланың тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Президент тапсырмасына сәйкес мал шаруашылығын дамытуға да ерекше басымдық беріліп отыр. Осы бағытта кешенді жоспар қабылданды. Жеңілдетілген несиелеудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Қажетті қаржы көздері қарастырылды. Және де ветеринарияда қарқынды даму сатысында арнайы дамыту жоспары бекітілді. Жалақылар көтерілді.