Катардың Әмірі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді

13 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. 

Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алды. Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы келіп көңіл айтқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Президент Қатар Әмірін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шақыруды ықыласпен қабыл алды.