Синоптиктер 40 градустан астам ыстық пен бұршақты болжап отыр
Бүгін елдің кейбір өңірінде жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, тіпті солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде бұршақ жаууы да мүмкін.
Дегенмен аптап елдің басым бөлігінде әлі де сақталады. "Қазгидрометтің" болжамы бойынша Қызылорда облысында күндіз сынап бағаны 44 градусқа дейін көтерілсе, Маңғыстауда ауа температурасы 40 градустан асады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарында да аптап ыстық болады.