Мемлекет Басшысы Қазақстан – Ресей өңіраралық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды
Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.