2 тамызға арналған ауа райы болжамы

02 тамызда күндіз Алматы облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 02 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 02 тамызда күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.

02 тамызда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңерең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қ.: 02 тамызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

02 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 02 тамызда күндіз жаңбыр, найзағай, 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

02 тамызда таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 02 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

02 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 02 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

02 тамызда Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 02 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

02 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 02 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

02 тамызда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, солтүстігік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 02 тамызда төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан қ.: 02 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

02 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қ.: 02 тамызда түнде және таңертең аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

02 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 02 тамызда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

02 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 02 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

02 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 02 тамызда өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

02 тамызда түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 02 тамызда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

02 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 02 тамызда күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

02 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 02 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 02 тамызда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

02 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 02 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

03-04 тамызда Абай облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.