Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.

Мемлекет басшысына 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді. Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.