Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Дегенмен шығыс пен оңтүсітк өңірлерде сынап бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, орталық және солтүстік аймақтарда дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ батыста жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында таңғы уақытта тұман түседі.