Қазақстанның кредиттік рейтингі көтеріліп келеді
Айта кетейік, бұдан бірер күн бұрын S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингі өскенін жариялаған еді.
Бұл – өсім 10 жылға жуық уақыттан кейінгі жағдай. S&P болжауынша, биыл Қазақстанның нақты Жалпы ішкі өнімінің өсімі 5,1 пайызға жетеді. Инвестициялар көлемі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызын қамтиды. Сосын алдағы үш жылда бюджет тапшылығы едәуір азаяды. Бұл Қазақстанның инвесторлар үшін сенімді әріптес екенін әйгілеп, экономикасын одан әрі дамыта түсуі тиіс.