Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: