Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз: