Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Еліміздің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады, ал жылы ауа райы сақталады. Сонымен қатар батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын әлсіреп, ауа райы біртіндеп тұрақтанады.

Ауа температурасы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде +13…+23°С-қа дейін, орталықта +15…+25°С-қа дейін төмендейді. Ал батыста температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз: