Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «24KZ».
Әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінде беларустік Арина Соболенкомен кездесіп, жеңіске жетті. Үш сет қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Осылайша, Елена Рыбакина үшінші рет «Үлкен дулығаны» ұтып алды. Бұған дейін ол Уимблдон мен Australian Open турнирлерінде жеңімпаз атанды.
Естеріңізде болса, Рыбакина ширек финалдағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген болатын. Ал беларусьтік спортшы екінші сатыға төмендеді.