Қ. Тоқаев Кореяда оқып және еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті
Мемлекет басшысы Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызбен жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды. Кореядағы қазақстандықтар оқуда және қызметтегі жетістіктерін тілге тиек етіп, алдағы мақсат-межелерін айтып өтті. Кездесу соңында Президент оларға сәттілік тіледі.