Президент Astana AI Film Festival кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

АҚШ, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания азаматтары өз жұмысын жолдады. Қазылар алқасының құрамында әлемге әйгілі өнер және технология саласының мамандары бар. Президент байқауға «ізденімпаз, білімпаз, жаңашыл азаматтар сынға түсетін, бұрын-соңды болмаған бірегей жоба» деген баға берді. Сондай-ақ Қазақстан креативті индустрия саласында біртұтас экожүйе құру үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын жеткізіп, дарынды азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жасанды интеллектінің тың мүмкіндіктері жастардың әлеуетін арттыруға жол ашады. «Алайда ең әуелі қауіпсіздікке баса назар аудару керек», - деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз: