13–15 қазанға арналған ауа райы болжамы

Иллюстрация ЖИ көмегімен жасалған

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:

Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;

Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;

Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;

Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;

Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.

Сондай-ақ оқыңыз: