Қасым-Жомарт Тоқаев Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына барды, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.