Ақордада Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті

фото: akorda.kz

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады. 

Сондай-ақ оқыңыз: