Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
18 қазанда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 18 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
18 қазанда Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Алматы облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1-6 градус үсік күтіледі.
Қонаев қ.: 18 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
18 қазанда күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
18 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
18 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 18 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі.
18 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, күндіз найзағай. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 18 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
18 қазанда Павлодар облысының батысында тұман күтіледі.
18 қазанда түнде Жетісу облысында 2-7 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 18 қазанда түнде 5-7 градус үсік күтіледі.
18 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
18 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Түркістан қ.: 18 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
18 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.